Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары үшін ханафи мазхабының дәстүрлі сипатына назар аударып, бұл ағымның мәнін ұғындыру қажеттігін айтты. – Дін жолындағы адамдардың арасында жастар да бар. Мешіттерге сән үшін баратындар да бар, шалбарының балақтарын қысқартып, сақал қойған діндарлар да бар. Солардың бәріне ислам дінінің негізін түсіндіру керек, – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы радикалды діни ағымдарды ұстанушылармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды.
Hide player controls
Hide resume playing