?: Мухтар Шаханов ?: Қалымхан Айболат “Тілек“ Өмір мынау қатар тосқан Жеңілі мен ауырын, Шуағы мен дауылын. Бүгін мына сенің туған күніңде Қандай тілек айтсам екен, бауырым? Саған байлық тілер ем мен, Бірақ ол бір әңгүдік, Есігіңнен кіргенімен паң күліп, Жүргенімен шеру тартып, сән құрып, Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік. Бәлкім, ерлік тілер ем мен, Тамыр алған төсіңнен, Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен, Онсыз адам жүре ала ма Соқпақтар мен жолсыз да, Ал сұлулық тілер ем, Сұлусың сен онсыз да. Қайтсем екен? Мен одан да барлық адам аңсаған, Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған, Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған, Кез келгеннің уысына түспейтін, Кез келгеннің бақшасында піспейтін, Зор махаббат тілейінші мен саған.
Hide player controls
Hide resume playing