Myvideo

Guest

Login

Бл бізді азалы!!!

Uploaded By: Myvideo
9,159 views
0
0 votes
0

Қазалының көріністері. жылы түсірілген. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті жыл. Қазалы ауданы 1928 жылы құрылған екен. Аудан орталығы – Әйтеке би кенті. Қазалы ауданының жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Жыл сайын қарқындап дамып келе жатырған керемет аудан. Негізгі халқының мінезінде өрлік пен табандылық бар. Шыдамдылығы олардың момындығын білдірмейді. Іскер. Қызылордалықтар оларды “Ақұдай“ дейді. Бұл Қазалының бренді. Себебі, Ақудай десе ол адамның іскер, жылдам шешім қабылдайтын, келешекке үмітпен қарайтын, баяулардың алдын орағытып жүретін адамдарды елестетеміз. Олардың сөйлеу мәнеріндегі тіктік олардың дөрекілігі емес, мәселеге айналып емес турасын келуді қалайтын қасиеттерінен. Мұндай тіктік олармен емін ерікін жақын сөйлесуге жол ашады. Әрине сыпайы сөйлесуге ыңғайлы адамдар үшін олармен әңгімелесу ашу шақырғандай болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, ол олай емес. Қазалылықтардың ашықтығында осыдан көруге болады.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later