Сценарий желiсi бойынша кинотуындыда басқа емес, қазақ тiлiнiң проблемасы қозғалады. Қоғамдағы өткiр мәселенi фильмге арқау еткен режиссердiң көздегенi осы сияқты. Карапайым лабораторияда жұмыс iстейтiн Дәурен атты жас ғалым ана тiлiнiң мүшкiл жағдайына қиналып, өз тiлiнен жиренетiндерге қарсы бiр шара жасау керектiгiн ұғынады. Ол адамды қартайтпайтын дәрi ойлап табады да, оны тек қазақ тiлiн бiлетiндерге ғана сатуға нұсқау бередi. Сөйтiп, кенеттен мамыражай заман орнап, бүкiл әлем мәңгi жасау үшiн амал жоқ қазақ тiлiн үйренуге мәжбүр болады. Тiптi, мәңгi жасағысы келген шала қазақтар да, өзге ұлт өкiлдерi де, тiптi бүкiл әлем халқы қазақша сайрап кетедi. АҚШ президентi Барак Обаманың өзi Дәуренге телефон шалып, “Бiз қазақ тiлiн үйренiп жатырмыз. Дәрiңдi екi есе қымбат бағамен сатып алайық“ деуi де езуге күлкi үйiредi. Ол ол ма, қазақ елi дамып, қазақ ғарышкерлерi Марсқа ұшып, жатпланеталыққа жолығады. Бiр таңқаларлығы, ол да қазақша сөйлейтiн болып шығатынына не дейсiз?! Айтқандай, фильмдегi дүниежүзiлiк ақы
Hide player controls
Hide resume playing