Ақтауда ит емес, мысық емес, күркетауықты пәтерінде бағатын тұрғынға көршілері ренжулі. Өйткені пәтерден шыққан жағымсыз иіс көпқабатты үйдегі жұрттың мазасын алып отыр. Ал сол үйдің тұрғындары күркетауық асырап жұрттың мазасын алған көршілеріне шара қолданатын бір жауапты органды таппай отыр. Бұл Ақтау қаласындағы көп қабатты үйлердің бірі. Күркетауық асырап отырған бірінші қабатты пәтер бұл. Нағыз қораға ұқсаған баспанада әр жерде қонақтаған құс пен шашылған жем-шөпті де байқауға болады. Көршілердің айтуынша, осы күркетауықтардың кесірінен үйдің кіреберісінен-ақ жағымсыз иіс мүңкіп тұрады. Тіпті, пәтерлерде жәндіктер мен тышқан қаптап кеткен көрінеді. АБУТӘЛІ АЙТМАҒАНБЕТОВ, Ақтау қаласының тұрғыны: – И так коронавирус анау-мынау деп адамның бәрі зәресі ұшып жатқанда жас семьялар бар олардың балалары бар солардың бәріне де зиян. Жалпы болмайды мұндай зат. Квартира болған соң квартира болу керек. МАРИЯ КИМ, Ақтау қаласының тұрғыны: – Күркетауық бағатын көршіміздің үйінен жағымсыз иіс шығады. Дем алу мүмкін ем
Hide player controls
Hide resume playing