Myvideo

Guest

Login

Жарааттануды алдын ал

Uploaded By: Myvideo
1,013 views
0
0 votes
0

Көлік жолында жүру – қауіп, сондықтан жолда жүру ережелерін ұмытпау қажет. Ересектердің бұл ережелерді саған түсіндіруін сұра. Жол белгілерін жаттап ал және оларды қатал сақта! • Жолға жақын және жолдың көлік жүретін бөлігінде ойнама – бұл аса ҚАУІПТІ! • Көшені бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт! • Жолды бағдаршам немесе жаяу адамға арналған жол бар жерден өт! • Жолдан өтерде абай бол, әңгімеге көңіл аударма! • Жолдан өтерде алдымен солға, сонан соң оңға қара! • Көлікке отырарда және түскен кезде оның толық тоқтауын күт! • Жолдан асықпай өт! • Автобуста келе жатып, ұстағыштардан ұстап тұр! • Жеңіл көлікте артқы орындыққа отыр және есіктің жабық екеніне көзіңді жеткіз! • Жүріп келе жатқан көліктің терезесінен басыңды шығарма! • Жолдың көлік жүретін бөлігінде велосипед, роликті коньки, немесе скейтборд теппе! Жолда жүру ережелерін сақтасаң, сен өзіңді жарақаттар мен қайғылы оқиғалардан сақтайсың! Осы қарапайым ережелерді есіңде сақта және олар туралы достарыңа айтып бер!

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later