Әлеуметтік желіде Нигериялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақстандық қалыңдық қызу талқыға түсті. Ұзату тойы кезіндегі суреттер әлеуметтік желіде лезде тарап кетті. Ұзатылған қыздың есімі - Заида. Ол Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тумасы. Өңірдегі белгілі мұнай компаниясында үш тілді аудармашы болып жұмыс істейтіін жерлесіміз Нигерия азаматымен 7-8 рет кездескен, артынша биыл қаңтар айында күйеу жігіт ұсыныс жасаған. Заиданың ата-анасы олардың басқосуын бастапқыда ауыр қабылдап, кейін, ақ батасын береді. Ұзату тойы үйде шағын ортада, бастысы, қазақтың салт-дәстүрімен өткен. Сайт - online - facebook - VK - Instagram - Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - Google Play - #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫ
Hide player controls
Hide resume playing