КӨЗ ТИЮДЕН ҚАЛАЙ ЕМДЕЛЕМІЗ? Адам қаншалықты Аллаға жақын болып, Оны әрдайым есіне алып әрі Құран оқып жүретін болса, ол көз тию мен жын иектеуден соншалықты алыс болады. Сондай-ақ, таңертең және кешке айтылатын зікірлер, ұйықтар алдында, ұйқыдан оянғанда, үйден шыққанда, т.б жағдайларда айтылатын дұғалар адамды сұқ көзден сақтауға әсерін тигізеді. Ал көз тиіп, ауырып қалған адамды мына әдістермен емдей аламыз: 1. Көз тиген адамды емдеу үшін ең әуелі егер көзін тигізген адам белгілі болса, сол адамға дәрет алғызып, сол судың бір бөлігімен науқасқа ғұсыл құйындырамыз, яғни бүкіл денесіне тиетіндей етіп жуындыру керек. Бұл туралы Айша анамыз (р.а): «Көзі тиген кісі дәрет алуға бұйырылатын. Сосын науқас сол сумен жуынатын», - деген. (Әбу Дәуд) 2. Науқасқа Құрандағы «Фатиха» сүресін жеті рет, «Бақара» сүресінің алғашқы бес аятын, «Аятул курси» аятын, «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін үш реттен және шипа дұғаларын оқып, аз ғана түкірік араластырып сүфілеу керек. Бұл рәсімді «дем салу» деп атайды. Алла Тағала Құранда: «Құраннан мүміндерге шипа және мейірім түсіреміз...» - деген. («Исра» сүресі, 82-аят) Ал Айша анамыз (р.а): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған көз тиюден дем салуға бұйыратын», - деген. (Муслим, Ахмад, Тирмизи)
Hide player controls
Hide resume playing