Кім еді қазақ кім болды? Он жетінші жыл көрді. Тəуелсіздік алғалы, Маңдайыма күн қонды. Алысқа кетіп атағым, Ғарышқа салдым бір жолды. Шығарымыз шың болды! Шыңға шыққанды қайтейін, Сыңарымыз сұм болды. Құмарымыз қу дүние Ұранымыз нұр болды. Алаш арына кір қонды, Ала шұбар тіл болды. Көкелерімді көргенде, Көкірегімді мұң көмді. Ғалымдар тапқан кенімді, Қарындар басып үлгерді. Жердің астын тауысып, Енді үстіне ауысып, Халқына сілтеп бір қолды. Сатып жатыр шетінен, Мұндай сұмдықты кім көрді? Мөңкенің сөзі шын болды, Қыңыр жеңгем би болды, Қысыр сиыр пұл болды. Ар намысы қазақтың, Арыстармен бірге өлді! Аспанбек Шұғатаев
Hide player controls
Hide resume playing