Несие кешіріле ме? Дәл қазір осы сұрақ бәрімізді алаңдатады. Халықтың дені кредитте отыр. Қарызды қайтару заманның түзу кезінде оңай болмап еді, бүгінгі дағдарыс дендеп тұрған уақытта тіптен қиындап кетті. Оның айқын бір айғағы несие кешірілсін деген талаппен өткен бірнеше митинг, ақ ордаға петиция ретінде тапсырылған 100 мың адамның қолы. Осыдан-ақ мәселенің масштабын бағамдай беріңіз. Есте болса былтыр, Президенттің жарлығымен тұрмысы төмен отбасыларды қолдау мақсатында қазынадан 105 млнрд тг бөлініп, 500 мыңнан аса адамның кредиті кешіріліп еді. Экономистердің айтуынша көпшілік содан сабақ алмаған, қайтадан банкке барып несие алған. Үкімет жауып береді деген үмітпен. Бірақ бұл тұста кредитті ел еріккеннен алмайтыны ақиқат екенін естен шығармайық. Мұқтаждықтың салдары ғой. Өткен жылы рақымшылық жасалғанда шешілмеген қарыздың мәселесі енді дағдарыс кезінде қалай шешілмек? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing