18 қараша күні кешке Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында полиция патрулінің көлігі көшенің жаяу адам өтетін тұсында 21 жастағы бойжеткенді қағып кеткен. Дәрігерлер жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген Лариса Бейсованың жағдайы ауыр дейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша, бойжеткеннің бас сүйегі зақымданып, миы шайқалған. Ауруханада ес-түссіз жатқан қызға туыстарын әлі жолықтырмаған. Толығырақ:
Hide player controls
Hide resume playing