Myvideo

Guest

Login

Универсальный солдат 1992 киносы алай тсірілді | Универсальный солдат 1992 фильм

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Универсальный солдат киносы.Қазіргі уақытқа дейін әлі де көрілетін кинолардың бірі.Бұл фильм ең керемет кинолардың бірі болып саналды.Киноны бас кезінде “Хрустальные рыцари“ деп атамақшы болыпты.Алайда алдыңғы сценарийінде көп зорлық зомбылықтың көрінісі болыпты.Сол үшін бәрін өзгерткен.Фильмнің продюссерлері Джоил Сильвер және Марио Касссар болды.Бас кезінде фильмнің режиссеры Эндрию Дэвис болыпты.Бірақ бұл режиссердың және сценарийстің фильмі,продюссерлерге ұнамапты.Фильмнің қатты қаталдығы ойландырған екен.Осылайша 1991 жылы фильмнің енді шығайын деп жатқанында,Марио Кассар Дэвистің қызметінен бас тартады.Оның орнына Эмирик деген режиссерды таңдайды.Ал қолы босаған Эндрию Дэвис бірден “В осаде“ деген киноны қолға алады.Фильмдегі басты кейіпкер Стивен Сигал еді.Универсальный солдат кинодағы басты кейіпкер Люк Дивероның рөліне Жанклод Вандаммды таңдайды.Қазір енді тіпті,бұл фильмді Вандаммсыз елестету қиын.Қайта бас кезінде басты рөлге Дольф Лунгрен де өзін ұсыныпты.Бұның алдында актер ылғи да,жаман кейіпкерлердің рөлін ойнаған еді.Сол үшін осы фильмге басты рөлді ойнау қызық болып көрінді.Енді басты рөл бұйырмаса да,бірақ Вандаммен бірге бір фильмге түсу ол үшін өте үлкен қуаныш және абырой еді.Киноны алғаш Мексика жақта түсіреміз деп ойластырады.Бірақ Эмирик режиссер,орынды ауыстырады.Аризона жақта түсіретін болып шешіпті.Бұндай ыстық ауа райында кино түсіру қиын әрине.Бірақ Вандаммен мен Дольфтың құмды аймақты атысуы керемет болып көрінді.Бұндай кадрлар үшін,бүкіл қиын жағдайларға көз жұмды.Киноның бас кезіндегі Ветьнамның көрінісін,қалаға барып түсіріпті.Түсіру барысында режиссер,актерлар бұл фильмнің күшті болып шығатынына анық сенеді.Бұл фильмнің түсірілу алаңына Арнольд Шварценеггер де келеді.Фильмнің жақсы шығып жатқанын да көріп кетеді.Бұл фильмде шамалы ғана каскадерлар болған екен.Вик Армстон деген екінші режиссер осындай каскадерлық қойылымдарды ұйымдастыпты. Сонымен қатар,бұл режиссер Арнольд Шварценегердің “Конан Варвар“ киносында дублер болыпты.Кинода режиссердың каскадерлары қиын қиын трюктарды жасайды.Кейбір критиктер фильмді,терминатор 2 ге ұқсап кетті депті.Біреулер тіпті,фильмді копия депті.Мәселен фильмнің трейлерінде терминатор 2 нің музыкасы ойналған екен.Одан кейін бұл фильмді “Пако“ деген италаьяндық киномен де салыстырып көріпті.Бұл фильмде дәл солай “Универсальный солдат“ киносындағыдай адамнан киборгтар жасайды.Актерлардың кинодағы арнайы көзілдірігі енді фильмде керемет көрінді.Бұл идеяны режиссер “Стартег“ киносындағы киборг Боргтың образынан алады.Қазан айында киноның түсірілімі аяқталады.Ал енді қалған уақыттары монтажға кеткен еді.Монтаждалған кино онша жақсы көрінбейді.Себебі басты кейіпкер өліп қалады.Онымен киноның сәні кетіп қалады деген екен. Продюссерлер болса,фильмді дұрыстап аяқтаңдар деп режиссерларға жұмыс береді.Тағы да соңын дұрыс түсіріңдер деген екен.Толықтырылған нұсқа халықтың көңілінен шығады.Нәтижесінде фильм кассада 36 млн доллар ақша табады.Ал енді әлем бойынша тағы да 60 млн доллардай ақша табады. Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа! #КиноТуралы #ҚызықтыДеректер #Ақпараттар

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later