Алматы облысында да соңғы қоңырау онлайн режимде сыңғырлады. Жалпы Жетісу өңіріндегі 760 мектепте биыл 411 мың оқушы білім алды. Соның 15 мыңы мектеп бітірді. Әзірге 11 мың түлектен Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім түскен. Аттестаттарды тапсыру рәсімі және 11-сынып оқушыларына арналған соңғы қоңырау маусым айының 3-4 күндері жүргізіледі. Мектеп бітіруге арналған салтанатты шаралар әрбір сыныпқа жеке-жеке өткізіледі және ол міндетті түрде ашық алаңда ұйымдастырылады. Шараға әр оқушының ата-анасы ғана қатыса алады...
Hide player controls
Hide resume playing