Петропавлда «1 жыл 11 ай 3 күн» кітабының таныстырылымы өтті. Авторы - Шымкент қаласының тумасы Ермұханбет Қуандық. Азамат 86-жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан. Зұлмат кезеңде қазақ халқының болашағын ойлап, тіл мәселесін көтеріпті. Осынысы үшін 3-курста оқып жүргенде 5 жылға сотталған. Абырой болғанда, 1 жыл 11 айда мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанын айтады. Сиясы кеппеген туындыда өзі жайлы, қаһарлы күндері орын алған оқиғалар туралы жазған.
Hide player controls
Hide resume playing