Myvideo

Guest

Login

Сальвадорлы 18 жылдан бері дайды тапсырмасын орындап жргенін айтады.

Uploaded By: Myvideo
118 views
0
0 votes
0

Сальвадордың Сантьяго Санчес есімді 69 жастағы тұрғыны 18 жылдан бері бір шұңқырды қазып келеді. Бұл туралы Daily Mail ақпарына сілтеме жасаған хабарлады. Ер кісінің өз айтуынша, ол мұны құдайдан осындай тапсырма алғаннан кейін жасап жатқан көрінеді. Санчес Жаратқанның өзіне күн сайын 40 кило тартатын тастар мен топырақты сыртқа шығарып тұруды тапсырғанын айтады. Қазіргі кезде шұңқырдың тереңдігі 100 метрден асып кетіпті. Жергілікті телеарнаның тілшісі тыныс алу қиын болғандықтан, шұңқырдың түбіне дейін бара алмағанын жеткізді. Ал Санчес тек өзіне ғана оның түбінде жүруге рұқсат етілген, деп отыр. Сальвадор 18 жылдан бері күнде таңертең сағат үште орнынан тұрып шұңқырға барып, кешке бір-ақ қайтады. Туыстары оның бұл әрекетіне әжуамен қарайды. Бірақ өзінің құдайдың тапсырмасын орындап жүргеніне сенімді Санчес осы кезге дейін өзінің мақсатынан қайтқан емес. Бірақ Жаратқан ие оған неге мұндай тапсырма бергенін өзі де айтып бере алмайды.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later