Нағыз ҰБТ-да оқушыға білімнен бөлек шапшаңдық , салқынқандылық және пысықтық секілді қасиеттер өте қажет.Кейбір мықты білетін оқушылар өздерінің мұқиятсыздығының арқасында өз білім деңгейінен аз балл алып жатады. Ондай оқиғалар ҰБТ тарихында аз емес, тіпті осы топтың админдерінің бірінде де сондай жағдай болған. Сондай оқиғалардың ең қарапайымдары әрі танымалдылары: 1) Жауаптарды басқа пәнге бояп қою; 2) Нұсқаны дұрыс боямау; 3) Артық бояу жіберу н/е дөңгелек сыртына шығып кету және т.б Өкінішке орай, апелляцияда тек нұсқаны қате бояғанды ғана кешіреді. Ал сіздің қателуге хақыңыз жоқ. Сондықтан төмендегі бейнені қарап, барлық ережелермен танысып, қазіргі кезден байқау сынақтарында дағдыланып алыңыздар! Әрбір оқушы грантқа лайықты! p.s. Ал осы пост лайк-қа лайықты #Кеңес@talantumkz
Hide player controls
Hide resume playing