Алматы облысы еліміздегі жеміс-жидек өсіруге ең қолайлы аймақтардың бірі. Өңірдегі 23 мың гектарға жеміс бағы отырғызылған. Соның ең үлкені Панфилов ауданында. Қазір 1100 гектарға егілген алма, шие, шабдалы мен өрік ағаштары гүлдеп жатыр. Жеміс ағаштары тамшылатып суғарылып, қажет дәрумендер де осы құрылғының көмегімен беріледі. Өнімді сақтайтын қорғаныш құралдары да қарастырылған. Яғни, жел соғып, бұршақ жауған жағдайда немесе күн ысып кетсе, арнайы жабындымен жабылады. Облыста осындай интенсивті технология енгізілген екі мыңнан аса бақ бар. Ал, олардың жалпы саны 4 мыңға жуықтайды.
Hide player controls
Hide resume playing