Жаңа жылдан елімізде жаппай вакциналау басталады. Ерікті түрде. Екпе, бірінші кезекте індет жұқтыру қаупі жоғары салаларда еңбек ететін дәрігерлер, педагогтар және күш құрылымдарының қызметкерлеріне салынады. Бұл туралы осы аптада президент қабылдауында болған үкімет басшысы хабардар етті. Мәмин мырзаның мәлімдеуінше 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1-ші және 2-ші кезеңдері аяқталған. Нәтижесінде вакцинаның кері әсері табылмапты әрі ол өзінің тиімділігін көрсеткен.КазКовидИн деп айдарлған отандық вакцинаның алғашқы партиясы жыл аяғына дейін 2 млн доза көлемінде шығарылады. Жаңа жыл демекші қаңтардан бастап жаңа өзгеріс көп. Соның біріне тоқталсақ. Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдер мұнай өнімдері бойынша ортақ нарыққа көшеді. Біздің елде мәселен жанар-жағармайдың бағасы осыған дейін ішкі нарықта түзіліп келсе, енді ол Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Армениямен ортақ нарықта реттелмек.
Hide player controls
Hide resume playing