Бүгін 20:00-де «1-студия» саяси ток-шоуы тікелей эфирге шығады. Талқыланатын тақырып: Орталық Азия одағын құру. Жалпы, бұл мәселе #тәуелсіздік алғалы бері көтеріліп келеді. Алайда, күні бүгінге дейін бір шешімге келген емес. Тікелей эфирге келетін спикерлер: 1. Камал БҰРХАНОВ - Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор; 2. Бөріхан НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ - саясаттанушы; 3. Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ - Елбасы кітапханасы Талдау орталығының аға ғылыми қызметкері; 4. Амангелді ҚҰРМЕТҰЛЫ журналист-сарапшы. Жалпы, Орталық Азия одағын құру қажет пе, деген сауал бүгін xабар барысында көрермендерге де қойылады. сайтына кіріп «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап берсеңіздер болады. Саяси ток-шоуға сіздер де ат салысыңыздар! Бүгін, 20:00-де тікелей эфирде #1студия-да кездескенше!
Hide player controls
Hide resume playing