Үштөбе қаласындағы сүт зауытының ұжымы 100 пайыз вакцина алды. Кәсіпорында бүгінде 100-ден астам адам еңбек етеді. Бірнеше аудан тұрғындарынан сүт қабылдап, одан 16 түрлі өнім өндіріп отырған зауыт ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Тікелей халықпен жұмыс істеп, қоғамдық тамақтану орындарымен үнемі байланыста болғандықтан әр жұмысшы екпе салдыруға жауапкершілікпен қараған.
Hide player controls
Hide resume playing