Кішкентай Дениздің шешесі 1980 жылы қыркүйек айында Түркияда әскери төңкеріс басталған кезде қайтыс болады. Жеті жыл өткен соң бала әкесімен бірге ешуақытта көрмеген атасының шаруа қожалығына барады. Бұған себеп болған әкесі мен атасының арасындағы келіспеушілік. Хусейн Эфенди баласы Садықты қалаға оқуға жібереді. Ал, Садық сол кездегі көп жастар сияқты саяси оқиғаларға араласып, әкесінің ашуын келтіреді. Режиссер Чаган Ырмактың «Әке махаббаты» драмасын 26 шілде 22:25-те тамашалай аласыздар.
Hide player controls
Hide resume playing