Myvideo

Guest

Login

лтты парк аумаыны жала берілуіне наразы трын Саынтаев отставкасын талап етті

Uploaded By: Myvideo
5,863 views
0
0 votes
0

Алматыда қала әкімдігі алдында Ерболат Түркеев есімді азамат жалғыз адамдық пикет өткізді. Ол қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қызметтен кетуін талап етті. - Іле Алатау ұлттық паркінің жеке меншікке берілуіне қарсымын. Алматы әуежайының сатылуына наразымын. Әкім міндетін лайықты орындап жүрген жоқ деп санаймын, - деді ол. Әкімдіктен шыққан қызметкерлер пикеттің заңсыз екенін айтып, оны ғимарат аумағынан тықсыруға тырысты. Ғимарат алдында шамамен екі сағаттай тұрған Ерболат Түркеев түс кезінде үйіне қайтты. Бірнеше күн бұрын Іле-Алатау ұлттық паркінің біраз бөлігінің жеке компанияға 49 жылға пайдалануға берілгені анықталған еді. Жалға берілген аумақтар арасында Үлкен Алматы көлі, Асы шатқалы, Алмаарасан, Түрген, Ыстықкөл аңғары, Маралсай, Бутаковка сияқты табиғаты көркем жерлер бар. Ұлттық парктің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, экологиялық туризмді дамыту мақсатында тендер өткізіліп, оны жеке компания жеңіп алған.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later