Алға шығатын аруларымыздың бірі – Айбаршын. Тіпті толық аты-жөнін жазбасақ та, көбісі танып жатқан шығар. Себебі ол университетіміздің беделді студенттерінің бірі, жанашыр тұлға, «ССС» қайырымдылық клубының мүшесі, активист.. жалпы жақсы адам. Дегенмен, айта кетейік, Дүйсенғали Айбаршын – Электроэнергетика факультетінің 4 курс студенті, 21 жаста. Бала кезден ұлттық би билеп, мерекелік іс-шараларға белсенді қатысқанды ұнатады. Қиналғанда жанындағыларына қолынан келгенше көмек көрсетуден тайынбайды. Үнемі күлімдеп, айналаға жылы шуақ шашып, міндеттерін жоғарғы деңгейде атқарып, әр затқа жауапкершілікпен қарайды
Hide player controls
Hide resume playing