Семинарға қала мешіттерінің имамдары мен азаншылары қатысуда. Жоспарға сәйкес, біліктілікті арттыру шарасы ағымдағы жылдың соңына дейін әр бейсенбіде өткізіледі. Дәрісті дін саласының өкілдері емес, теологтар жүргізетін болады. «Қазіргі таңда түрлі діни ағымдардан халықты сақтандыру, оларға тосқауыл қою – еліміздің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Бұл тұрғыда жергілікті дін өкілдерінің сауатты болғаны маңызды», - дейді облыстық дін істері басқармасының басшысы Манарбек Мұхамеджанов. Оның айтуынша, бүгінде облысымызда діни ахуал тұрақты. Бердібек УЛЯНОВ
Hide player controls
Hide resume playing