Аптаның басы бармақ тістерлік, жаға ұстарлық трагедиямен айшықталды. Жаға ұстайтын себебіміз жолаушылар автобусын жолаушылар пойызы қақты. Бармақ тістейтін себебіміз, жергілікті тұрғындар осы қауіпті өткелдің үстінен көпір салып беруді сұрап келе жатқалы қай заман. Ақыры апатқа ұласып, адам өліп тынды. Ендігісі қалай болмақ? Әрине, билік бүгін ертең ол жерге көпір сап бермейтіні анық. Уақыт керек, бюджетке енгізу қажет дегендей. Десе де, бұл мәселені ақ жағалылар жыл ішінде шешіп береміз депті. Алайда әңгіме тек Шамалғанмен шектеліп қалса кәні. Елде теміржолмен түйісетін мыңнан аса өткел бар. Барлығы бірдей қауіпсіз емес. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing