Ағымдағы жылдың 13 шілдесі күні «Ертіс концерт» үлкен залында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік органдарының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс – шара өтті. Құттықтау сөз Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаевқа және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Ұлттық қауіпсіздік полковнигі Ринат Төлеуханұлы Кокумбаевқа берілді. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Hide player controls
Hide resume playing