Елде МиГ- 31 жауынгерлік ұшақтары ұшуын тоқтатты. Қарағанды облысында болған апаттан кейін Қорғаныс министрлігі осындай шешімге келді. Қазір арнайы құрылған комиссия оқиға себептерін анықтап жатыр. Белгілісі қозғалтқыштан өрт шыққан. Айта кету керек, аталған әуе-кемесінің эксплуатациялық мерзімі – 30 жыл. Келесі жылы оның қолдану мерзімі аяқталуы тиіс. Еске сала кетейік, ұшақ апаты Қарағанды облысындағы Қарақұдық ауылының маңында орын алды. Ұшқыштар катапульт жүйесі арқылы секіріп үлгерді. Қазір оларға медициналық көмек көрсетілді. Біреуінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болса, екіншісінің хәлі орташа ауыр дәрежеде. Айта кету керек, бұл әскери ұшақтардың қатысуымен орын алып отырған бірінші оқиға емес. Әуе апаттарының шежіресіне қысқаша тоқталып өтсек. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing