Жұмыс сапарымен Алатау мен Наурызбай аудандарында бой көтерген 3300 балаға арналған №205 пен 206 жаңа мектепті араладым. Заманауи білім ошақтары типтік үлгідегі жоба бойынша салынбаған. Мұндай ғимараттарға қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Бұл мектеп заманауи сәулетімен, ойластырылған кеңістік дизайны, сыныптардың кең болуы, қоғамдық кеңістікке орын берілуі және эргономикалық интерьерімен ерекшеленеді. Кабинеттердің араның ұяшығы түрінде салынуы ондағы табиғи жарықтың мол болып, бөлменің функционалдығын кеңейтті. Face ID қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Ата-аналар балалардың кіруі-шығуы туралы хабарламаны онлайн-режимде қабылдайды. Үш жағынан кіретін есік жеке топтың қауіпсіз санитарлық-эпидемиологиялық режимін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келер жылы осындай тағы 6 мектеп пайдалануға беріледі. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Hide player controls
Hide resume playing