Түркістан облысында өткен жылы жол апатынан 323 адам опат болған. 1268 тұрғын жарақат алған. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің жылдық есебінде айтылды. Дегенмен де, жол-көлік оқиғалары 9 пайызға төмендеген. Облыстың бас полицейі, Қайрат Дәлбековтың айтуынша, мал ұрлығы да азайған. Былтыр ұрланған 1317 түліктің 504-і иелеріне қайтарылыпты. Бұл жағдайдың өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға жақсарғанын білдіреді. #Turkistantv Facebook - VK - Twitter - ... Instagram - Telegram - (c) 2021 «Turkistan» телеарнасы
Hide player controls
Hide resume playing