Арыстағы апат кезінде көлік қағып кеткен бала елордадағы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның әкесінің сөзінше, қалалық жедел-жәрдем қызметкерлері көлік астында қалып, ауыр жараланған ұлын көре-тұрып көмек көрсетпеген. Тіпті, ешқандай жәрдем көрсететін құралымыз жоқ деп, кетіп қалыпты. Ал көлігімен баланы қаққан қала тұрғыны да бостандықта жүрген көрінеді. Құзырлы органдардың бей-жайлығына ызаланған әке біздің тілшілерімізге шағымын айтқан еді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing