Менің атым Қожа фильмін көрмеген Қазақ жоқ шығар😂😂 Бала күнімізде мектепте бір нəрсені бүлдіріп қоятынбыз. Құдай-ау бүлдіремін демейсің ғой неге екені белгісіз мен ұстаған нəрсе сынады немесе құлап быт-шыты шығады. “Кім бүлдірген кім? Тағы да Назаров па? Назаров сен мектептен кетсең мұғалімдері жинап бір шəугім шəй беремін“- дейтін класс жетекші апайым. Кейін жігіт болдық сол кезде апай мені көргенде, бұрынғы еске түсіп ұялған халде кешірім сұрайды. Сонда мен: “Апай сіздің арқаңызда біз осылай өстік. Таяқ жеп өскен бала жаман болмайды екен, сабадыңыз, ұрыстыңыз, тəрбиеледіңіз соның нəтижесі осы“- деп құшақтап ұстазымның маңдайынан сүйдім. . . Бүгін Өнер Академиясында керемет кездесу өтті. Осы кездесуді ұйымдастырған менің оң жағымда отырған сыныптасым əрі осы Өнер Академиясының білікті ұстазы Гүлжан Төреханқызы. Бала күнімізде Гүлжандарды үлкен сынып оқушылары достықтарына шақыратын біз қызғанып əлгі жігіттермен алты ай қырғынды салып, төбелесіп жүріп класстас қыздарымызды бөтен достықтан бөліп алатынбыз. Ее
Hide player controls
Hide resume playing