АЭжБУ Сұлтаныны болуға лайқтымын деген келесі қатысушымыз да Электроэнергетика факультетінен: Құрманалиев Нұрхан, 1 курс студенті. Дәл сайыс болатын күні,11 қараша, ол кәмелет атанып,18-ге толады. Нұрхан спорттың түр-түрімен айналысады: акробатика, дзюдо, кикбокс, футбол, тіпті карта ойнау (ол да енді миға қандай да бір шынықтыру ғой). Бойындағы басты қасиеттер - әзілқойлылық пен жауапкершілік. Әкесін пір тұтатын бұл жігіт: «Ата-анамның үмітін ақтау – өмірдегі басты мақсатым»,- дейді. Мұндай сайыстарға алғаш қатысып, туған күнін сахнада атап өткізгісі келетін Нұрханға сәттілік серігін болғай дейміз!
Hide player controls
Hide resume playing