Myvideo

Guest

Login

рылар зірбайжан Ммбетов пен жары, композитор азиза Жбанованы бейітіндегі мсінді рлап кетті

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Алматыдағы «Кеңсай» қорымында зираттар тоналып жатыр. Қарақшылар бұл жолы атақты режиссер Әзірбайжан Мәмбетов пен жары, композитор Ғазиза Жұбанованың бейітіндегі мүсінді ұрлап кеткен. Сорақысы, зиратты тонау дерегі соңғы 7 жыл ішінде үшінші рет тіркеліп отыр екен. Яғни, бұған дейін 2016 жылы Әзірбайжан Мәмбетов пен Ғазиза Жұбановаға қойылған ескерткіштер қолды болған. Енді, кенже ұлдарына орнатқан құлыншақ жоқ. Сондықтан, Мәмбетовтар әулеті Кеңсайдағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, ұрыларды табуды сұрап отыр. Кеңсай қорымдары қарақшылардың оңай олжасына айналған секілді. Өйткені, ұрылар бейітке қойылған шойын мүсіндер мен қола ескерткіштерді қолды қылуды әдетке айналдырған. Мәселен, Дина Мәмбетованың айтуынша, 2016 жылы дәл осы Кеңсайдағы ата-анасының зираты тоналыпты. Яғни, қарақшылар атақты режиссер Әзірбайжан Мәмбетов пен әйгілі сазгер Ғазиза Жұбанованың ескерткіштерін үптеп кеткен. Ол кезде дау көтермей, қос ескерткішті өздері жөнге келтірген екен. Енді, міне 3 жасында шетінеген бауырының бейітіне орнатылған мүсін ізім-ғайым жоғалып отыр. НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші: – Қолды болған қола құлынның мүсіні дәл осы жерде орналасқан. Соңғы рет мүсінді марқұмның туыстары алтыншы қазан күні көрген екен. Ал, 26-ы күні қайтып келген кезде қола құлын орнында болмаған. Әрі, пікірлерінше, қылмыс түнде жасалған болуы мүмкін. Себебі, ың-шыңсыз, ауыр мүсінді ұрлап кету мүмкін емес дейді. Өйткені, мүсін негізіне өте жақсы бекітілген. Әрі, мұнда тақтадан шығып тұрған болттары да көрініп тұр. ДИНА МӘМБЕТОВА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: – Әкімшілік ғимараты бейіт басынан 50 метр жерде орналасқан. Ал, кіреберісі 100 метр жерде тұр. Ол мүсінді білдірмей ұрлап кетуі мүмкін емес. Бұл жерде кәдімгі техника бәлкім, болгарка қолданған шығар. Оны қалай аңғармауға болады? Ал, қорым күзетшілері Кеңсайдың аумағы үлкен, толық бақылауға қауқар жоқ деп ашығын айтты. Өйткені, 100 гектар алқапты айналдырған төрт қызметкер күзетеді екен. АЛМАЗ АМАНГЕЛДІ, күзет басшысы: – Бізде қоршау жоқ 1, 2 Кеңсайда. Ашық. Жаңағы жеке сектор мен бейіт басының арасы екі-ақ метр жер. Қоршау жоқ. Содан адамдар кіріп, шығып жүре береді. Сол жағы қиын. Бейіттердің арасы болғаннан кейін камера жоқ. Ал, әкімдік өкілдері келесі жылы түнде зират ішіне қосымша күзет және патрульдеу бекеттерін қосуға қаржы бөлу жоспарланып отыр дейді. Сондай-ақ, «Кеңсайға» бейнекамералар орнатылмақ. Айта кетейік, қазір бұл іске қатысты «бөтеннің мүлкін ұрлау» дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 @informburo31kanal Informburo kz @informburokz2022 Facebook - Instagram - Vkontakte - TikTok - @informburo31 Біздің сайт: және Біздің WhatsApp 7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later