Маңғыстау облысындағы наразылық әлі тоқтамады. Наразылыққа Ақтау мен Жаңаөзен қалаларынан бөлек, Құрық, Жетібай, Бейнеу ауылдарының да азаматтары қосылды. Ақтауда кешеден бері үйлеріне бармастан газ бағасын төмендетуді сұраған халық дәл осы жерде ас-суын ішіп жатыр. Облыстық әкімдіктің алдындағы орталық жолды жауып мыңдаған адам жиналған. Мәселе шешілмейінше ешқайда кетпейміз дейді олар. «Газ 50» деп айқайлаған халықты арнайы жасақ бақылап тұр. Жиналғандардың қарасы қалың. Араларында жасы үлкен кісілер де бар. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін Жаңаөзендегі халықпен сөйлесуге барыпты. Ал түстен кейін Ақтауда наразылық білдіргендермен кездесуге Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев келді. Айтуларынша, үкіметте мәселе әлі де қаралып жатыр. Дегенмен, жиналған азаматтар депутаттардың жауабына қанағаттанбады. Олар Үкімет төрағасы Асқар Маминнің автогаз бағасын 85-90 теңгеге түсіру туралы шешімімен де келіспейтінін айтады. Ал Асқар Мамин Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты үкім
Hide player controls
Hide resume playing