Абай болыңыз! Алматыда коронавирусты жұқтырған адам анықталды! Қазақстандық тұрғындардың телефондарына қазір жаппай осындай месседждер келіп жатыр! Жалаң сөзбен емес, жәніне видеосы да жүктелген. Алайда, осы хабарламаның авторларын қазір құзырлы орган өкілдері іздестіріп жатқан көрінеді.Өйткені, ақпар жалған! Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың айтуынша, бұл жуырда ғана оңтүстік астанада өткен оқу жаттығу курстары! Автор елді әдейі дүрліктірген. Десе де, мойындау керек. Қазақстанға Қытайдағы вирустың өзі жетпеседегі, ол туралы түрлі қауесектер үрейді алып үлгерді. Олай болуының да жөні бар! Аспан асты елі айға жуықтады аурумен әлі алысып келеді, шығу тегімен танысып келеді, ал емін анықтаудан қалысып келеді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing