Myvideo

Guest

Login

Біржан Досжан

Uploaded By: Myvideo
189 views
0
0 votes
0

Оқылмаған жырымнан Саған арнап қойғанмын,оқылмаған жырымды, Саған айтып қойғанмын,айтпай жүрген сырымды. Өзгерсе де айнала,өзгермеген кеудемде, Сен деп соққан жүрегім... Сол баяғы,бұрынғы! Күміс күлкің жетеді,естеліктен сыңғырлап, Ұйқымды да кетеді,мазайтын мұң ұрлап. Сағынышқа шыдамай,жаным жүдеп жатқанда, Өзегімде өртеніп,үнсіз ғана шыңғырмақ... Жеткізбестен бұлдырап,сағым үміт жетегі, Сенсіз де жалған-бұл өмір, Өтеді ғой,өтеді. Ең болмаса түсіме,анда-санда бір кіріп, Жадыратып жабықтырмай күліп қойсаң нетеді?! Жаным үнсіз жабырқайды сағыныштан өмірде, Тағы көңіл таңырқайды қуанышқа,егілме. Артта қалып жалғыздықпен мұңдар ғайып болады, Бақыт әлі құшаққа алар ұзақ қысып,сенiде... Ұстағанда жүрегімді кеудемдегі сыздаған, Қолын созды күлімсіреп,қар жамылған күз маған. Үнсіз келіп жұпсыз бақта сыбырлады сыр айтып, Жанған өзек жалын алды тағдырдағы құздардан!!! ж Алматы Біржан Досжан

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later