Блогер Алексей Гаршин Өзбекстанның тау-тасын аралап, ел президентіне тиесілі деген құпия курортты видеоға түсіргенін айтады. Президенттік курортты ақпан айында Азаттықтың Өзбек қызметі әшкере қылған. Бірақ ол журналистік зерттеуде көбіне спутниктен түсірілген суреттер қолданылған. Гаршин жариялаған кадрлар зәулім резиденцияны егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді.
Hide player controls
Hide resume playing