Тағы екі қала, Көкшетау мен Степногор карантинге жабылып, шектеулер күшейтіледі. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Бүгін түнгі 12-ден бастап Көкшетау қаласы карантинге жабылса, 26 маусымнан осындай шаралар Степногор қаласында қолға алынады. Қаулыға сәйкес, барлық автокөліктер мен азаматтарға бұл қалалардың аумағына кіріп-шығуына тыйым салынады. Тек транзиттік жүк көліктері мен азық-түлік тасымалдайтын автокөліктерге рұқсат берілген. Ал Ақтөбеде ертеңнен бастап балабақшалар мен білім орталықтары жұмысын тоқтатады. Өйткені, мектепке дейінгі ұйымдардың 9 қызметкерлерінен коронавирус шығыпты. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing