Жаным (Ардақ Тошынбай ) Оқыған: Жансая Менің жүрегімді үнсіз жауладың, Нұрлы сұлу, жалынды ақ жүзіңмен. Адастырып естен өзіңе баурадың, Күмістей сыңғыр қоңырау күлкіңмен. Күннен күнге ғашық болып барамын, Бір өзіңе сүйкімді менің жаным-ай. Ғашық жүрекпен телміре қарадым, Бейнең сонда мөлдіреп тұрған-ай. Абайсызда кез болсам өзіңменен, Неліктен, неге соншама қашасың? Сен өзің неге жаным, аңсаған бағым, Алыстап менен қайда кетіп барасың?..
Hide player controls
Hide resume playing