Түрмедегілерді ұрып-соғып, қинау дерегі тыйылар емес. Шымкентте бір топ жазасын өтеушілердің туыстары осылай деп шағымданды. Олар Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 167/3 түзеу мекемесінің қызметкерлері осындағы жазасын өтеушілерді сан түрлі әдістермен қинап жатқанын айтады. Ішкі тәртіпке мойынсұнбадың деген желеумен, тәулік бойы суық бөлмеге заңсыз қамап, тіпті, жарығы жоқ казармада ұстаған көрінеді. Қала берді, тағамның да мәнісі кеткен дейді сотталушылардың ет-жақындары. Бұл жайында Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне, Бас прокуратураға бірнеше мәрте шағым жазыпты. Бірақ, оңды жауап жоқ дейді, Есесіне, шындықты айтып, шырылдағандарды азаптап жатыр екен. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing