Ол барша мұсылман жұртшылығын жанашыр болуға, қамқорлық жасап, жағдайы нашарларға көмек қолын созуға шақырады Мұсылмандардың ұлық мерекесі Семейде де айрықша ықыласпен аталып өтті. Тұрғындар бір-біріне жақсылық тілеп, ынтымағы жарасқан еліміздің береке-бірлігі артсын деген ниетпен айт намазына қатысып, Алла разылығы үшін құрбандық шалды. Қала мешіттеріне айт намазына жиылған жамағаттың қарасы қалың болды. “Құрбан” - араб тілінен аударғанда “жақындау” дегенді білдіреді. Яғни бұл – жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу деген сөз. Қос мұнаралы орталық мешітке жиналғандарды Құрбан айт мерекесімен қала әкімі Ермак Сәлімов құттықтады. Дарын САҒИТОВ
Hide player controls
Hide resume playing