ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент зообағында дүниеге келген қонжықты көпшілік көруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылдың желтоқсан айында Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келген болатын. Сол сәтте оған «Умка» атты лақап ат берілді. Қазір үш айлық қонжық торға шығып, зообаққа келушілердің көзайымына айналып отыр.
Hide player controls
Hide resume playing