Қазір Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Мамандар жаңбыр салдарынан көшелерге жинақталған суды шығару жұмыстарын үйлестіріп отыр. Бұл жұмыстарға өрт сөндіру бөлімшелерінің мобильді топтары да атсалысуда. Гарнизон бойынша кезекшілікке жеке құрамның 146 қызметкері, 43 техника жұмылдырылды.
Hide player controls
Hide resume playing