Myvideo

Guest

Login

ОС АТЫСАН 10 СОЛТСТІКАЗАСТАНДЫ МАЙДАНГЕРДІ СЙЕГІ ТАБЫЛДЫ

Uploaded By: Myvideo
392 views
0
0 votes
0

Бүгінде ҰОС кезіндегі қанды шайқастар өткен жерлерде іздеу-қазба жұмыстары жүргізілуде. Биыл РФ Ленинград облысындағы Свирь өзені жағалауында «Переправа» іздеу жасағымен 55 қазақстандық майдангердің жерленген орны табылды. Қазіргі уақытта белгілі болғандай, 10-ы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы екен. Дені 314-ші атқыштар дивизиясының сарбаздары. Тарихи деректерге сүйенсек, 1941-1943 жылдары бұл әскери құрылым Свирь өзені жағалауында өткен ұрыстарға қатысты. Серәлі Еслямовтың әкесі де майданға 1941 жылы Ақжар ауданынан аттанды. Сейілбек Еслямов 342 атқыштар полкінің 63-ші гвардиялық дивизиясында Отан алдындағы борышын өтеді. 1943 жылы Ленинград облысында өткен қанды майданда іс-түссіз жоғалды. Араға 76 жыл салып, Свирьстрой қонысында майдангердің сүйегі табылды.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later