Myvideo

Guest

Login

Жаа кн - Жаа азастан

Uploaded By: Myvideo
14 views
0
0 votes
0

6 желтоқсан күні “Әлем“ балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының Ақтау кенті филиалында “Төрт тоқсан - төрт өнер“ жобасы бойынша Тәуелсіздік күніне орай “Жаңа күн - Жаңа Қазақстан“ атты балалар шоу айтысы өтті. 2 кезеңді қамтыған бұл айтысқа “Маска“ театр үйірмесі мен “Жас қалам“ әдебиет үйірмесінің білім алушылары қатысты. 1-кезеңде қатысушылар тақырып аясында ой қозғап, бір-бірімен сөз қақтығыстырса, 2-кезеңде “Тәуелсіздік және Мемлекеттік рәміздер“ тақырыбына құрылған билет сұрақтарына жауап берді. 2 кезеңнен жинаған ұпай сандары бойынша қазылар алқасының шешімімен жүлделі 3-орынды “Жас қалам“ әдебиет үйірмесінің білім алушысы Хуанған Кәлима Оңғарқызы иеленсе, 2-орынға Батыр Нұртілек ие болды. Ал жүлделі 1-орынды “Маска“ театр үйірмесінің білім алушысы Нұрлан Айару жеңіп алды. Айтысқа белсене қатысқан қатысушыларға 2000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтар берілсе, 3-орынға 5000 теңгелік сертификат, 2-орынға 10000 теңгелік, ал 1-орынға 15000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды. “Жас қалам“ әдебиет үйірмесінің жетекшісі Қарақыз Мая мен “Маска“ театр үйірмесінің жетекшісі Жақсылық Гүлғайша ұйымдастырған бұл айтысқа орталықтың үйірме жетекшілері демеушілік етті. #РУМЦДОМПРК #ҚРОАМРҚББОӘО #қосымшабілімберу #дополнительноеобразование #RUMCDOBIZBIRGEMIZ #ӘлемБЖШО #ЦДЮТƏлем #БалаларТеміртау #детиТемиртау #социальнопедагогическоенаправление #әлеуметтікпедагогикалықбағыт #bilimbolimi_temirtau #ҚОББтәрбие #umckrg #karuo #2тоқсаналтынсақа #біртұтас_тәрбие #1тоқсанақындарайтысы

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later