Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Өзбекстан азаматтары мінген жолаушы автобусы аударылып, бірнеше адам жараланды. Өзбекстанның 7 азаматы ауруханаға жеткізілді. Автобустың ішінде 25 жолаушы болған. Зардап шеккендердің ең кішісі 1997 жылы, ең үлкені 1961 жылы туған. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің 26 ақпан күні хабарлауынша, жол апаты 25 ақпан күні сағат 20:40 шамасында Хромтау ауданының Жазық ауылы тұсында «Самара – Шымкент» жолында болған.
Hide player controls
Hide resume playing