ҚАЗАҚ ТІЛІ - МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ Күш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құсты қос қанаты қырқылды, Күндей күштi күркiреген ел тынды. Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды! Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, — Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың... Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм, Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Hide player controls
Hide resume playing