Myvideo

Guest

Login

Аруа (руа) тірі адамды олдайды ма

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадис шәрифтеріне қарағанда, Алланың бұйрығымен адамды қорғап, оған қиналғанда жәрдем ететін бейнебір күштің – періштелер екендігі ашық айтылған. «Раъд» сүресінің 11 аятында Жаратушы Иеміз Алла Тағала былай деген: «Оның алды-артында Алланың әмірі бойынша бақылап, бірінен соң бірі (кезектесіп) қорғап жүретін (періштелер) бар...»[1]. Сондай-ақ, «Бәдір» соғысында мың періште түсіріп, мұсылмандарға медет берілгендігі Құранда айтылады[2]. Және «Әли Имран» сүресінде бес мың белгіленген періштенің жәрдемге келетіндігін білдірген[3]. Кейде қариялардың бата жасағанда «періште қолдасын» деп айтып жататындықтары сондықтан. Сондай-ақ, Алла елшісінің (с.а.у.) мына бір сөзі ойландырарлықтай: «Жер бетінде «хафаза» періштелерінен өзге періштелер де бар. Олар ағаштан түскен жапырақты да жазады. Егер, сендерден біреу айдалада адасып кетсе: «Уа, Алланың құлдары! Жәрдем етіңдер!» - деп дауыстасын»[4]. Қызық тарапы сол, аталмыш хадис шәрифтегі «Уа, Алланың құлдары! Жәрдем етіңдер!» деген сөзінің, қазақтың «Уа, Әруақ! Қолдай көр!» деген сөзімен ұқсастығы бар. Олай болса, бұрын ата-бабамыз «әруақ» сөзімен нені мақсат еткен? Періштелерді - «көзге көрінбейтін әлдебір тылсым күш» деген мағынада «әруақ» деп атаған ба, әлде, Исламнан алдыңғы түркілерден қалған тотемдік сенімін мұсылманшылықпен ұштастыру ма? Ол жағы нақты белгісіз. Бәлкім, ерте заманда періштелерді әруақпен шатастыру жағдайы да орын алған болуы мүмкін, бұл болжамды да жоққа шығара алмаймыз. Қалай болғанда да, шындығын айту керек, Пайғамбарлар да, сахабалар да, табиғиндер де “әруақ қолдасын“ деп ұрандамаған. Ал мұндай тылсым мәселелердің анық-қанығын білуіміз үшін, біздер Алла Тағаланың сөзі мен Алладан уахи алған Пайғамбардың (с.а.у.) сөзіне үңілуіміз шарт. Ал бұл екі қайнаркөзде Алланың қалауымен адамға жәрдем етуші күшті, тайға таңба басқандай етіп «періште» деп атаған. «Періште» сөзін - «әруақ» деп жорамалдауға қисын жоқ. Әруақ басқа, періште басқа. Екеуі екі түрлі болмыс. Ал жер бетін кезіп, медет тілегенге медет беруші әруақтардың болуы мүмкін бе? Ол жөні бізге белгісіз. Дінімізде оған байланысты нақты, сахих дерек кездеспеген. Исламда «әруақтар», яғни, рухтар «барзах» әлемінде болады деп үйретеді. Сондықтан да, Ислам дәстүрінде «әруақ қолдасын» деп айту әдеті қалыптаспағанын білу керек. Оның орнына «періште қорғайды» деген ұғым бар. әруақ Тоқ етерін айтқанда, Дін Исламда періште қолдап, адамға жәрдем етеді деген ақбар бар, ал әруақ қолдап, жәрдем ететіндігі жөнінде нақты (сахих) дерек кездеспеген. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! аруақ ________________________________________ [1] Құран Кәрім: «Раъд» сүресі, 11 аят. [2] Құран Кәрім: «Әнфәл» сүресі, 9 аят. [3] Құран Кәрім: «Әли Имран» сүресі, 123 аят. [4] Хадисші Һәйсәми (р.а.): «Бұл хадисті әл-Бәззәз өзінің «мүснәдінда» келтірген. Риуаят етушілер сенімді».

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later