Арнау — Егіз-лебіз (самая нежная песня о любви). Арнау - Егіз-лебіз Сөзін жазған: Исраил Сапарбай Әнін жазған: Жұмағұл Қыдыралиев Көгімдегі айым дейін сені, Көкшедегі қайың дейін сені. Көзден ұшып жырақта жүрсең. Шамшырағым күнім дейін сені, Әнші бағым, гүлім дейін сені. Өзіңмен бір жұмаққа кірсем. Қайырмасы: Келші бағыма әлдеқайда ұшпай, келші, жаным, Қоншы қолыма арман аппақ құстай, қоншы, жаным. Келші бағыма, Қоншы қолыма, Келші, жаныма, кел! Сағынғанда саялайын сені, Аққуымдай аялайын сені. Айдыныңда қалықта, жаным. Бала қаздай мәпелейін сені, Жаңа өмірге жетелейін сені, Жаныма кел, жабықпа, жаным. Қайырмасы: Аппақ таңдай тілегім де өзің, Алатаудай тірегім де өзің. Жер бетінде қатар жүргенде. Қоныстасып бірге күн кешейік, Қол ұстасып бірге үндесейік. Атар таңға, батар күндерге. Қайырмасы: Арнау - Егіз-лебіз Поэт: Исраил Сапарбай Композитор: Жұмағұл Қыдыралиев Синеве небесной тебя своей назову, Березкой своею тебя окрещу И даже когда ты летаешь вдали. Лу
Hide player controls
Hide resume playing