Ұлттық банк теңге құнсызданбауы үшін қазан айында тағы да 90 миллион доллардан астам ақшаға интервенция жасады. Бұл жайында еліміздің бас банкінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді. Хабарламаға сай, өткен айдың соңында әлемде мұнайға деген сұраныс кеміп, қара алтынның қордағы бағасы түсіп кеткен. Бұл өз ретінде доллар бағамының күрт шарықтап, артынша девальвацияға әкеп соқтырары сөзсіз еді. Әлеуметке кері әсерін тигізетін мұндай құбылысқа жол бермес үшін, Ұлттық банк аракідік осындай қадам жасап тұруға мәжбүр. Қаржыгерлердің айтуынша, өткен айда биржаға құйылған ақша қыркүйекке қарағанда екі еседей аз болыпты. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing